Правообладателям!
Представленный фрагмент книги размещен по согласованию с распространителем легального контента ООО "ЛитРес" (не более 20% исходного текста). Если вы считаете, что размещение материала нарушает ваши или чьи-либо права, то сообщите нам об этом.Читателям!
Оплатили, но не знаете что делать дальше?Текст бизнес-книги "Көттi қысқан бай болар"
Автор книги: Юлия Медведева
Раздел: О бизнесе популярно, Бизнес-книги
Возрастные ограничения: +18
Текущая страница: 3 (всего у книги 3 страниц)
2.2.2. Отырыстар
Демалудың тағы бір түрі– отырыстар. Оны қаржыландыру – отбасы мәселесі. Жарыңызбен ақылдаспай инвестициялауға және ақша жинауға өте қиын. Ондайды да бастан өткіздік. Мен әйеліме: «Тыңдашы. Ақша жинап, зейнетке шығып алып, ештеңеге бас ауыртпай жүре берейік» дедім. Ол болса сыпайы түрде: «Бұл мүмкін емес. Қалайша?» деді. Ол, көптеген адамдар сияқты, мұның қалай мүмкін екенін түсіне алмады. Мен оған: «қарапайым нәрселерден бастайық. Маған сенің шығындарыңды жазып жүруің керек» дедім. Бұл бізде қалай болып жатыр? Мен ақшаны үйге әкеліп, сейфке саламын. Сол жерден мен және менің әйелім қажеттілігімізге жұмсаймыз, оны жазып жүреміз. Міне, бір айда ол қанша жұмсайтынын есептей бастады және оның айлық шығындарының жартысы мейрамханада құрбыларымен өткізетінін анықтады (ол кезде балалы емес едік).
Содан бері ол осындай шешім қабылдады: «Отырыстарды үйімізде немесе құрбыларымның үйінде өткіземіз. Ата-аналарымыздан бөлек тұрып жатырмыз». Осыдан кейін шығынымыз да қысқара бастады. Олар мейрамханаларға барады, бірақ бұрынғыдай жиі емес. Егер сіз жас болсаңыз және әлі балалы болмасаңыз, достарыңызбен уақыт өткізуге жұмсалатын шығынды қатаң бақылауға алуыңыздың маңызы өте зор – сіз оған өзіңіз ойлағаннан әлдеқайда көп ақша жұмсағаныңызды білетін шығарсыз.
Мұндағы басты мәселе – сіздің психикаңыз сізді жаман жаңалықтардан оқшаулауға тырысады. Сіздің миыңыз ай сайынғы шығындарыңыздың 50% -ын кафеге, тағы 20% -ын кофе ішуге жұмсап, қалған бөлігінде қалай болса солай өмір сүруіңізді тапқаныңызды қаламайды. Бұл, ең алдымен, 25 жасқа толмаған адамдарға қатысты.
2.3. Активтің ішіндегі пассивтер
2.3.1.Университет
Сіз ресми білім дегеннің не екенін білесіз бе? Егер, мысалы, сіздің ата-анаңыз сізді оқытуды деп талап етсе, ал білім алу қымбат болса, кейінірек бұл өте ұзақ уақытқа төленеді. Англияда жылына 12 мың фунт стерлинг, Америкада – жылына 100 мың долларға дейін, Қазақстанда тұрғын үйді есептемегенде – жылына 4—5 мың долларға дейін. Маркетинг, менеджмент, экономист сияқты ғылыми емес мамандығында оқудың пайдасы шамалы. Әрине, егер сіз өзіңіздің өміріңізді ғылымға арнағыңыз келмесе, сіз жұмыс табу үшін өз пәндеріңізді оқисыз. Мен университетте сабақ беретіндіктен, көптеген студенттерден үнемі не үшін оқып жатқанын сұраймын. 80% жағдайда жауап «мен білмеймін» немесе «ата-анам осылай қалайды» деп жауап береді. Олардың көбісі жұмыс істеп жүріп оқиды, жұмыс оларға университеттен гөрі көп нәрсені үйретеді.
Университетте оқу кезіндегі сіздің жасыңыз (18—22) білім беру үшін, жаңа дағдыларды, жаңа бағыттарды игеру үшін өте тиімді. Көңіл көтерудің ең жақсы уақыты емес. Мен мұндай суретті байқаймын және шетелдегі өзімнің студенттік тәжірибеме сүйенемін: Қазақстандағы және ТМД-ның басқа да елдерінің студенттері оқуды емес, баға қоюды, түсінбейтін нәрселер туралы шығарма жазуды, қалай қолдануды білмейтінін және көп ішкенді жөн көреді. Енді сұраққа жауап беруге тырысыңыз: қандай жағдайда мұндай оқыту сіз үшін немесе сіздің балаңыз үшін актив бола алады?
Егер тек университетте ғана алған білім арқылы ядролық-физик, ұшқыш, тағы басқа күрделі техникалық мамандарды игерсеңіз, онда ол біліміңіз ақталады. Жоғары біліммен осындай қулық бар: ол мәртебелі болуы керек (таныс-тамыр мен байланыстар болады), немесе қолданбалы (келешекте жұмыс істеп ақша таба алатын), немесе ешқандай (ескірген және пайдасыз дипломға уақыт жұмсамау үшін).
2.4 Жылжымайтын мүлік
Белгілі бір жағдайларда жылжымайтын мүлік те пассив болуы мүмкін. Ол көп қаражат қажет ететін немесе өтімі жоқ жылжымайтын мүліктер: зәулім жекеменшік үйлер, қарауына сомақты қаражат кететін Рублевкадағы үйлер. Бұл активті сата алмайсың, сатсаң да өз құнын ақтамайды. Сізді нарықтағы жағдай кепілге алады, пайдасыз мүлік боп қалады. Сондықтан жылжымайтын мүлік сатып алу қаражатыңызды құюдың жақсы нұсқасы деп атауға болмайды. Ипотеканы алайық. Бұл жағдайда көбіңізге ақша жинау ойыңызға да кірмес. Мүмкін сіздердің біреуіңіз нашар ауданда пәтер иелену жағдайына тап болған шығарсыз. Оны жалға да бере алмайсың. Постсоветтік елдерімізде «Пәтер сатып алып, оны жалға беріп күн көреміз» деушілерді жиі кездестіреміз. Қаражатты орналастырудың мұндай нұсқасында жақсы жақтары да бар, бірақ егер біз Қазақстанда немесе Ресейде жылжымайтын мүлікті сатып алсақ, біз іс жүзінде долларға аударылатын ақшаны инвестициялаймыз. Сіз үнемі құнсызданатын жергілікті әлсіз валютада пайда табатын активті сатып аласыз.
Тартымды ұсыныстар да кездесіп тұратыны бар, алайда. Жақында мен Семей қаласына бардым – менің досым ол жерде 36 мың шаршы метр обьектті 2 миллион долларға сатып алды, дегенмен, сіз Алматыда бұл ақшаға 5 мың м² сатып ала алмайсыз, Мәскеуде тіпті 1500 м². Мұндай нысанды салу үшін сізге шамамен 10 миллион жұмсауға тура келеді, бірақ мұндай да келісімдер болады
2.5 Сыйлықтар
Сыйлық деген керемет қой! Дегенмен көбіміз үшін қынжылтатын нәрсе. Өз мәдениетімізге келсек, бізде сыйлықты бәріміз және көп жасаймыз. Бір күлкілі бейне ролик бар: екі ер адам өзара кімнің сыйлығы асып түседі екен деп жарысқан екен. Сөйтсе, жеңген адамның жас жұбайларға сыйлаған автомобилі мен пәтері несиеге алыныпты. Бұл бейне ролик біздің қазақтардың және көптеген кеңес одағының адамдарының, қалтасына қарамай өзін көрсеткісі келіп тұратын дарақы менталитетін мазақ етеді. Сыйлық беру – ақылға қонбайтын қимылдың бір түрі.
Менің бір тәтем бар. Ол кісіні отбасымыз аса көп жақтырмайды. Тәтем қонаққа ешкімді шақырмайды, ешкімге сыйлық жасап жатпайды, тіпті машинасы да жоқ.
Көбінесе анасымен тұрып жатады. Отбасымыз тәтемді «Ол дұрыс өмір сұріп жатқан жоқ» деп сыйламайды. Бірде сол тәтем екеуіміз инвестиция мен жинақтау туралы әңгіме құрдық. Мені аса таңғалдырғаны: ол жалақысының тең жартысын жинақтайды екен. Жалақысының өзі Америкадағыдай емес, әрине, 1000$ көлемінде, ал Қазақстанда бұл жақсы жалақы боп саналады. Сол жалақысының жартысын болашақтағы зейнетіне инвестициялап жатыр екен. Тәтем мені таңқалдырды, ісіне сүйсіндім. Бұл тамаша ғой!
Ал мен өзімнің Жаңа жыл, туған күн тағы да басқа шараларға жұмсалатын ақшамды санасам бір айлық бюджетімнің жартысы кетеді екен. «Қап! Олардың не керегі бар еді, жылына бір рет жұмсасам да сол 1500$. Одан да инвестицияға салуым жөн еді» деп бір өкінем. Әрине, ер адам әйеліне сыйлық жасап тұру керек, әйтпесе олар өкпелеп қалуы мүмкін. Некеңіз де ондай жағдайда көпке созылмас. Бірақ алтын ортасы болу керек осындайдың. Туыс-тума, дос-жаранның бәріне де сыйлық жасағанның не қажеті бар? Одан да өзіңіз бен болашағыңызға жасаңыз. Менің ондайға кеткен шығыным-айдалаға кеткен шығын деп есептеймін. Содан бері сыйлық жасау алдында жақсылап ойланамын. Ал сыйлық алушылар өміріңіздегі ең маңызды адамдар болса – онда әңгіме басқаша ғой.
2.6. Мейрамдар
Мейрамдар да сыйлық сияқты тамаша нәрсе. Баяғыдан келе жатқан ұғым бар: мейрамның арты ратификацияға әкеп соғар деген. Ратификация дегеніміз – өз қимыл-тәртібіңді құптауың. Қазақта көктем мерекесі бар. Алты ай қыстан аман шығу айрықша қуаныш боп саналған. Мал-жанның амандығын ойлаған ел көктемге жеткенде, жадыраңқы көңілмен қауышқан. Өкпе-реніштері болса, кешірген. Ал қазіргілерге ондай мерекелердің мәнін түсініп жатпағандықтан бас тарту керек.
Адамның психикасы солай жаратылған– мақтанғанды жақсы көреді. Еңбегі мойындалып, бағалағанда, бастан кешкен қиындықтарды мойымай жеңіп шыққанда, ми, мақтау алу үшін, осындай оқиғаларды тудырып отырады екен. Осындай мақтау жүйесі спортшылар мен бизнесмен-кәсіпкерлер арасында көп кездеседі екен. Сол себептен қимыл-тұрғыңызды жиі мақтап тұрыңыз. Әсіресе жануарларды жаттықтыру кезінде көп байқалады, ал мерекелер осындай механизмнің бір түрі.
Бұрыңғы Қеңес одағында мерекелердің көп болуының маңызды себебі-осы елдерге тән мәдени мәртебеде. Мәдени мәртебе мен мәдени жетістіктер деген ұғым бар. Мәдени мәртебе көне салт-дәстүрмен тығыз байланысты. Ол дәстүрдің қандай жағдайда пайда болғаны адамды аса қызықтырмайды, сондай дәстүр бар, біз де солай істейміз дейді.
Мынындай бір әзіл бар: әйелі күйеуіне таңғы асқа жұмыртқа қуырып, шұжықты екіге бөледі. Күйеуі: «Неге олай істеп жатсың?» деп сұрайды. Ол: «Білмеймін, анам осылай істейтін, мен де солай істеп жатырмын» деген екен. Олар анасына қоңырау соғып: «Сіз неге олай істеуші едіңіз?» деп сұраса, «Білмеймін, әжелерің солай істейтін, мен де солай істейтінмін» депті. Содан кейін әжелерінен сұрайды. Ол кісі: «Менің қазаным тар, кішкентай болатын. Сендер әлі сол ыдысты пайдаланып жүрсіңдер ме?» деп сұраған екен. Әңгіменің мәні: екі ұрпақтың олай не үшін істеп жүргенін түсінбеуінде. Дәстүрлердің көбі бір кездері өмірдің өзі туғызған ғұрыптардың жиынтығы болса, қазіргі мерекелер өз мәнін жоғалтып алған. Қыстан аман шығарсыз, басыңызда үйіңіз болса. Сондықтан қазіргі замандағы мерекелер адамнан ақша шығарып алу әрекеті деп санаймын.
2.6.1.Мерекеге алынған кредит
Қазіргі уақытта мереке шараларын өткізу – пайдасыз іс. Тұтынушының тиімсіз әдетінің бірі – туған күнін тойлауы. Менің аула сыпырушымның айлығы 250$ болатын. Ол өз мерейтойын атап өту үшін 3000$ несие алған. Көбіміз мұндай әрекетті түсінбейміз. Дегенмен арамызда осылай істеп, туыс, дос-жарандары алдында бір мансабын көтеріп, әсер қалдыратындар да табылып жатыр және де олардың саны басым. Сол себептен де Қазақстанда 18 миллион халқының 7 миллионы – несиеден көз ашпай отырғандар. Ол тек мерей-тойлар ғана емес: атап өткен Жаңа жылдық сыйлықтар, тағы басқа тиімсіз нәрселерге кетіп жатқан қаржылар.
Қазақстанда үйлену тойын өткізгенді жақсы көреді. Оған кем дегенде 10 мың $-дан 500 мың $-ға дейін кетеді. Жақсы ма? Білмеймін. Біреуге сол тойдағы жоғарғы деңгейдегі зал, әртістер, тамада екі жастың бақытының баянды болуына әсер ететін шығар, тойдан тек естелік боп суреттер қалар, алайда тиімдісі – сол тойға кеткен қаражатқа бір іс ашса. Жоқ, бізде той жасап беру-ол дәстүр. Біреуге маңызды, біреуге маңызы жоқ – дәстүр.
2.7. Жалдамалы пәтер
Пәтер сатып алып жалға беру деген жоспарды жиі естиміз. Бұл қалай, тиімді ме? Біреуге тиімді болар, өйткені ол жалқау. Бірақ жалқаудың жалқауы емес. Ондай шешімге келу үшін басты да көп қатырудың қажеті жоқ. Нағыз сенімді және тұрақты нұсқа боп келеді. Алайда олай емес. Жылжымайтын мүлік нарығы әртүрлі өзгеріске ұшырап тұрады: біресе құны өседі, біресе түседі. Мысалы, Англияда орналасқан жылжымайтын мүліктің құны үнемі өсіп тұрады. Осындай жағдай Америка, Қазақстан мен Ресейде де кездеседі. Ал оның арты белгілі бір салдарға алып соғады: 2008 жылдағы Қазақстандағы қаржы дағдарысы тәрізді.
2.7.1. Жалдамалы пәтер, жоспар құру
Аталған инвестиция жоспарының жағымды да жағымсыз жолдарын талдайық.
Қаншалықты пайда беретінін, тәуекелдері мен кірістерін санап көрейік.
Бір студентім: «Дәулет Арманұлы! Менде ақша бар. Бес пәтер сатып алып, жалға берсем» деген жоспарымен бөлісті. Екеуміз талқылауға кірістік.
«Неге олай істегің келіп тұр? Кірісті қалай санадың?» деп сұрадым. Ол «Бес пәтердің әрқайсысының құны 50 мың $-дан делік. Барлығы 250 мың $ болсын. Әр пәтерді тәулігіне 20$ жалға беріп тұрсақ, бес пәтерден -тәулігіне 100$ түсіп тұрады.» Жақсыға жорып, пәтерлер сұранысқа бөленіп, айына 3000 доллар түсіп тұрсын делік. Басында 250 мың шығарса, бұл пәтерлер құнын 7 жылда ақтап шығады. 20$ деген кішігірім пәтерді жалға беруге өте қолайлы баға.
Ал шынайы жағдайды алсақ ше? Егер де пәтерлер жылына тек 50% толса, күніне 100$ емес 50 болады. Ол біріншіден. Екіншіден – бұл іске жеке уақытын жұмсайды, орташамен алсақ 3 күнде әр пәтеріне 1 сағат бөлсе, 50 сағат айына, 12 сағат аптасына.
Бәрін өзі істесе, жол, жанармайға шығындалады. Бәрін қосқанда бір айындағы шығыны 1500$. 250 мың $ шығынның кірісі 1500 доллар болса– өте аз, өзін ақтамайтын жоба. Ол бұны басқаруға біреуді жалдаса, айына 300 доллар төлеп, кірісі 1200 боп қалады. Сонда жылына 12 мың доллар табыс кіріп тұрады. Бес пәтері тек 20 жылда өзін ақтап шығады.
2.7.2. Жалдамалы пәтерлер. Басқа да тәуекелдер
Басқа да тәуекелдер толып жатыр. Еріншек адам оларды қарастырмайтын шығар, біз болсақ қарастырайық. Пәтерді несиеге алу деген – жабайылық. Несиеге алып алып тәулікке жалға берсең– пәтердің тоз-тозы шығып кетеді.
Қазақстанда несиеге алып жалға беру кеңінен таралып кеткен тәжірибе. Егер пәтерлеріңіз көп болса жалға беріп сол қаражатқа өмір сүресіз. Дауншифтинг деп аталады. Жаман емес. Бірақ та уақытыңызды алмайтын басқа да шешімдер бар. Әрине, оларды бос уақытты жамайтын іс деп ойламасаңыз.
Жоғарыда айтылған істің тағы қандай тәуекелдері бар? Олардың бәрі пәтер сатып алғанда кездеседі, оларды пәтер сатумен айналысатындар жақсы біледі. Мен де солай істеп көрдім, алайда жұмсаған қаражаттың қайтарымын байқамадым. Хостел-пәтер тұрғызып, бөлмелерді жалға берген болатынмын. Табысы тұрақты емес еді. Әр түрлі туристтер бар. Сонымен пайдасыз жоба болып шықты. Студентімнің жобасы да ең бастапқы жоспарлау кезінен-ақ пайдасыз болғанын түсіндік. Қаражатыңыз 20 жылда ғана қайтарылатын болса, әрине, пайдасыз іс.
2.7.3. Пәтер сатушының айтылмайтын сырлары
Бір кездерде мен пәтерлер сатумен айналысқанмын. Риэлтор емес, жаңадан тұрғызылған көп қабатты үйлерді сату бөлімін ұйымдастырушысы ретінде. Мен бір де бір пәтерді сата алмадым, ал қол астымдағы менеджерлерім жақсы сатып жатты. Олар сату жағының теріс жақтарын айтпайтын, себебі өздеріне кедергі келеді.
Ол қандай теріс жақтар? Ерте ме кеш пе, әйтеуір салық комитеті келеді. Ол салықты төлемесеңіз, өзіңізге жаман. Айына, мысалы 300$ төлеп басқарушы менеджер жалдасаңыз – ұрлыққа тап боласыз. Осы іспен айналысатын қызметкерлерді таңдауға уақытың кетеді. Көршілер болады, сіздің кішігірім, бірақ қымбат бизнеспен айналысқаныңызға кедергі жасайтын. Тұрғызылған көп-қабатты үйлер ескіріп те кетуі мүмкін. Жылжымайтын мүлік бағасы әлдеқандай бір шыққан заңға байланысты құлдырап кетуі де мүмкін. Қасыңызда қолайсыз нысана тұрғызып жатуы да мүмкін, ол болса сіздің мүлікке де әсер етер. Тағы да сол сияқты басқа факторлар толып жатыр. Оларды қадағалай алмайсыз, ақшаңызға тікелей әсер етеді. Бұлардың бәрін пәтер сатып алардың алдында ойлау керек. Жалға беру оңай емес.
Кеңестік одақ аймақтарында пәтердің құны космос тәрізді жылдам өсіп тұратын. Қайталануы мүмкін бе? Белгісіз. Ал егер де Лондон қаласында тұрсаңыз пәтеріңізді тәулігіне 20$ емес 200$ өткізе алатын едіңіз. Бұл басқа ақша, басқа математика.
Внимание! Это ознакомительный фрагмент книги.
Если начало книги вам понравилось, то полную версию можно приобрести у нашего партнёра - распространителя легального контента ООО "ЛитРес".Правообладателям!
Представленный фрагмент книги размещен по согласованию с распространителем легального контента ООО "ЛитРес" (не более 20% исходного текста). Если вы считаете, что размещение материала нарушает ваши или чьи-либо права, то сообщите нам об этом.Читателям!
Оплатили, но не знаете что делать дальше?